Лондонда допинг-жанжалдар өршіп барады

деп хабарлады Утро. ру.
Гимнасшы Луиза Галиулинаның қанында рұқсат етілмеген фуросемид анықталды, деп хабарлады Халықаралық олимпиада комитетіне сілтеме жасай отырып ВВС-дің Орыс қызметі. Спортшыда «А» допинг сынамасының анықталуына байланысты ол шұғыл арада жарыстарға қатысудан алынып тасталды. Нақты шешім «В» сынамасынан кейін қабылданатын болады.
Егерде Галиулинаның қанындағы қосымша талдауларынан кейін фуросемидтің бары расталса, спорттық гимнастика бойынша бірқатар жарыстардың бірнеше дүркін чемпионы ойыннан шеттетілетін болады.
Сондай-ақ 3 ауыр атлеттер - албандық Хусена Пулаку және Түркияның өкілдері Фатих Байдар мен Ибрагим Араттың жарыстан шығарылғандығы мәлім болды. Олардың қандарынан тиым салынған заттар анықталған.
Олардың үшеуі де турнирге қатысудан шеттетіліп, өздерінің олимпиадалық аккредитациясынан айырылды, деп жазды «Советский спорт». Олармен енді ұлттық олимпиадалық комиттер шұғылданбақ.