Лондонда екі әуежай мен вокзалда бомба табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыбритания полициясы Лондондағы Хитроу мен Лондон-сити әуежайларында және Ватерлоо вокзалында қолдан жасалған өте кішкентай жарылғыш құрылғылар табылғандығын мәлім етті, деп хабарлайды euronews.com.

Лондонда екі әуежай мен вокзалда бомба табылды

Ресми ақпаратқа сәйкес, бомбалар ашқан кезде бірден өртенетін пошта пакеттеріне салынған.

Полиция пошта арқылы келген мұндай заттар өзге жерлерде де болуы мүмкіндігін жоққа шығармайды. Терроризммен күрес бөлімі келеңсіз жағдайды шұғыл тексеріп жатыр.