Лондонда Екінші дүниежүзілік соғыстан қалған бомба табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Британия астанасында өткен дүйсенбі күні Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жарылмай қалған бомба табылды.

Лондонда Екінші дүниежүзілік соғыстан қалған бомба табылды

Салмағы 250 келі тартатын жарылғыш затты Лондонның солтүстік шығыс бөлігінде жұмыс жсап жатқан мердігер құрылыс ұйымының мамандары тапты, деп хабарлады ТАСС. Полиция жақын жердегі аудандардан 150 адамды қауіпсіз жерге шығарды, олар Bethnal Green Academy орта мектебінің акт залында түнеп шықты.

"Бізді Бетнал Грин ауданындағы құрылыс алаңында Екінші дүниежүзілік соғысы күндерінің жарылмаған бомбасы табылғаны жөнінде ескертті. Бұл жер қоршауға алынды, жаяу жүргіншілер мен көлік жүргізушілеріне оқиға орнына баруға тыйым салынды", - деді әкімшілік округі басқармасының ресми өкілі Тауэр Хэмлетс.

Оның сөзіне қарағанда, бомба туралы ақпарат алынған соң Темпл-стритке саперлер бригадасы мен өрт сақшылары жөнелтілді. Тәртіп сақшылары қаланың алты көшесіндегі қозғалысты тоқтатты. Бұл лондондық іскерлік Сити ауданынан солтүстік шығысқа қарай орналасқан жерде абыр-сабыр мен көлік кептелісінің туындауына соқтырды.