12:38, 24 Желтоқсан 2013 | GMT +5
Лондонда ең қымбат пәтер сатылды
ЛОНДОН. 24 желтоқсан. ҚазАқпарат - Ұлыбританияның астанасында сәулетті үй келісімшарт құны бойынша абсолютті рекордты болып саналатын 12,6 млн. евроға сатылды.

Жылжымайтын нысан үш қабаттан тұрады, оның төрт жатын бөлмесі бар. Темза өзенінің оңтүстік жағалауына қарайтын кең терезелерден Әулие Павелдің шіркеуі көрініп тұрады.
Сонымен бірге пәтерде кітапхана, асхана және қонақтарды қабылдайтын үлкен салон бар, деп хабарлады Mignews.