Лондонда ең үздік танымал әншілер марапатталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондонда Brit Awards атты танымал музыка саласындағы басты британдық сыйлықпен марапаттау рәсімі өтті.
Бұл жылғы халықтың сүйікті әншілері Arctic Monkeys тобы болды, ол «Ең үздік британдық топ» және «Жыл альбомы» аталымдары бойынша марапатталды. Әнші Дэвид Боуи «Ең үздік британдық орындаушы» сыйлығын иеленді. Он жылдық үзілістен соң өткен жылы сахнаға қайта оралған бұл әнші Where Are We Now? синглымен және The Next Day альбомымен өнер биігінен көрінді.
Өкінішке қарай, 67 жасында лауреат атанып отырған Боуидің өзі салтанатты шараға қатыспады. Оның марапатын белгілі модель Кейт Мосс алды. Ол әншінің «Мен бұл марапатты алғаным үшін қуаныштымын», -деген сөздерін көпшілікке жеткізді.
Сондай-ақ «Ең үздік британдық әнші» номинациясы бойынша Элли Голдинг, «Ең үздік шетелдік әнші» ретінде Lorde және «Ең үздік орындаушы» аталымында Бруно Марс марапатталды, деп жазады Сегодня.ua.