Лондонда ғимарат шатыры адамдар жүретін аяқжолға құлады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондонның батысында бейнебақылау камерасына қатты жел салдарынан ғимараттың шатыр бөлігі құлағаны түсіп қалған.

Лондонда ғимарат шатыры адамдар жүретін аяқжолға құлады

Шатыр сынықтары адамдар көп жүретін аяқжолға құлаған.

Осы кезде шатырда жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқаны да атап өтіледі. Жергілікті әкімшіліктің айтуынша, зардап шеккендер жоқ.

-Ешкімнің жарақат алмағаны да таңғаларлық жағдай, - деп хабарлады қалалық билік өкілі.