Лондонда Головкин-Брук бокс кеші басталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондонда О2 аренасындағы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен британдық Келл Брук басты жұлдыздар болатын бокс кеші басталды.
Кештің негізгі айқасы Астана уақыты бойынша 03:30 басталады.
Бұған дейін, sports.kz хабарлағандай, жанкүйерлер тоғыз жекпе-жекті: Ли Хаскинс - Стюарт Холл; Мартин Джозеф Уорд - Энди Таунэнд; Каллум Смит - Норберт Немесапати; Джон Риэль Касимеро - Чарли Эдвардс; Гэвин Макдоннелл - Робин Самора; Кид Гэлахад - Эмильяно Сальвини; Пол Смит - Даниэль Реги; Крейг Ричардс - Дэлтон Миллер; Конор Бенн - Джо Дакер айқастарын көре алатын болады.