Лондонда қазақстандық боксшы қарсыласын нокаутқа түсірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы әлемнің вице-чемпионы Сұлтан Зауырбек (4-0, 3 КО) бүгін түнде кәсіби рингтегі кезекті жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сілтеме жасап.

Лондонда қазақстандық боксшы қарсыласын нокаутқа түсірді

Лондондағы York Hall аренасында Сұлтан Зауырбек екінші орта салмақтағы болгар боксшысы Любена Тодоровке (6-4, 2 КО) қарсы жұдырықтасты. Жекпе-жек төртінші раунда нокутпен аяқталды.

«Аллаға шүкір төртінші жеңісіме қол жеткіздім!!#2019 жыл сәтті басталды!», - деп жазады спортшы өзінің Инстаграмдағы парақшасында.

Айта кетсек, Сұлтан Зауырбек - 2014 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері.