Лондонда көп пәтерлі тұрғын үй өртенді

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Лондонның солтүстігіндегі бес қабатты көп пәтерлі үйлердің бірі өртеніп, бір адам қаза тапты, деп хабарлады The Independant сейсенбі күні.

Лондонда көп пәтерлі тұрғын үй өртенді

Отты сөндіруге шамамен 10 машина мен 60-тан астам өрт сөндіруші жіберілді. Қазіргі уақытта тілсіз жау ауыздықталды. Өрт салдарынан ғимараттың екінші, үшінші және төртінші қабаттары айтарлықтай бүлінген. Полиция қызметкерлері өрттің шығу себептерін анықтап жатыр.