Лондонда корольдік гвардия өкілі қылжақбас туристің сазайын берді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оқиға Лондондағы Виндзорск қорғанында орын алған, деп жазады Росбалт.

Лондонда корольдік гвардия өкілі қылжақбас туристің сазайын берді

Лондонның әзілқой қонағы күзеттегі міндетін атқарып жүрген корольдік гвардия өкілін келеке қылып, онымен бірге еріп, жүрісін салады. Тіпті еркінсіген турист сарбаздың иығына қолын қоя беріп еді, әскери адам бар дауысымен «Тарт қолыңды, корольдік гвардиядан!» деп мылтығын кезеп айқай салады. Зәресі су түбіне кеткен турист тұра қашады...