Лондонда коронавирустың омикрон штамының тарау қарқыны үдей түсті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяда коронавирусты жұқтырғандарды бақылау үшін адамның бет-бейнесін тану жүйесін қолданысқа енгізу жоспарлануда, деп хабарлайды ҚазАқпарат Covid-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналына сілтеме жасап.

Лондонда коронавирустың омикрон штамының тарау қарқыны үдей түсті

Технология қаңтар айында Пучхонда іске асырыла бастайды. Жасанды интеллект вирус жұқтырған адамның және онымен байланыста болған адамдардың қозғалысын бақылау үшін 10 мың бейнебақылау камерасындағы жазбаларды талдайды.

Индонезияда 14 желтоқсаннан бастап 6-11 жастағы балаларға коронавирусқа қарсы вакцина салу басталады. Жалпы алғанда, аталған жастағы 26 миллионға жуық бала коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаны ауруханаларда, аудан орталықтарында немесе мектептердегі иммундау орталықтарында алады деп күтілуде.

«Коронавирустың «омикрон» штамы Лондонда жоғары қарқынмен таралуда, - деп хабарлады Лондонның Бас санитариялық дәрігері Кевин Фентон.

Ұлыбритания Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, айдың соңына дейін «омикрон» штамы ел аумағында басым болады.