11:11, 08 Тамыз 2015 | GMT +5
Лондонда көшеде самурай қылышын жалақтатып жүрген белгісіз біреу тұтқындалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондонның солтүстігінде хоккейшінің бас киімін киіп, қолына самурай қылышын ұстаған ер адам тұтқындалды, деп хабарлады The Independent.
Полиция Хорнси Роуд көшесінде қарулы жастар тобы жүргендігі туралы ақпарат түскеннен кейін шұғыл Холлоуэй ауданына жетті.
Оқиға орнында 21 жастағы ер адам ұсталды, оның сөмкесінен үлкен самурай қылышы табылды. Полицейлерді көрген ол қашып кетуге тырысқан.