Лондонда ҚР Елшілігі Рединг университетімен бірлесе отырып, Елбасы Н.Назарбаевтың Жолдауына арналған семинар өткізді

АСТАНА. Наурыздың 16-ы. ҚазАқпарат – Лондонда ҚР Елшілігі Рединг университетінің еуразиялық зерттеу орталығымен бірлесе отырып, осы жылғы наурыздың 6-сындағы Елбасы Н.Назарбаевтың халыққа Жолдауының қағидаттарын, сондай-ақ, «Еуропаға жол» бағдарламасын жүзеге асырудың келешегін талқылауға арналған семинар ұйымдастырды,

Лондонда ҚР Елшілігі Рединг университетімен бірлесе отырып, Елбасы Н.Назарбаевтың Жолдауына арналған семинар өткізді
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Негізгі баяндаманы жасаған елші Қайрат Әбусейітов әлемдік экономиканың құлдырай бастауын алдымен ескерген елдердің қатарында Қазақстанның болғандығын және дағдарысқа қарсы кешенді шаралар жүйесін біртіндеп жүзеге асырып келе жатқандығын атап айтты. Үкімет қабылдаған экономиканы жаңарту бағдарламасының ортамерзімдік кезеңі, біздің еліміздің халықаралық аренада өз ұстанымын сақтап қана қоймай, дағдарыстан қуатты да гүлденген мемлекет ретінде шығуына да мол мүмкіндік береді. Қазақстан өзінің халықаралық қызметінде бұдан бұрын басымдық берілген «Еуропаға жол» бағдарламасын ретімен жүзеге асырады және 2010 жылғы ЕЫҚҰ-ға төрағалық етуге дайындықты жүргізе бермек. Семинарға қатысушылар Қазақстанның халықаралық аренадағы жүйелі де сындарлы саясатын жоғары бағалады. «Еуразия кеңістігінде Қазақстанның, оның экономикалық дамуға қосқан үлесі ерекше, сондай-ақ, аймақтың тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қолдауын бағаламау мүмкін емес», - деді университеттің вице-канцлері Гордон Маршалл.