Лондонда құны 250 млн доллар болатын криптовалюта тәркіленді

ЛОНДОН. ҚазАқпарат -Лондон полициясы рекордтық криптовалютаны тәркіледі - 180 миллион фунт стерлинг немесе шамамен 250 миллион доллар, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап.

Лондонда құны 250 млн доллар болатын криптовалюта тәркіленді

Бұл қаражатты қылмыскерлер Лондонда заңдастырған.

Осылайша, 24 маусымдағы рекорд жаңартылды. Ол кезде құны 114 миллион фунт криптовалюта тәркіленген болатын - шамамен 160 миллион доллар.

Жаңа тәркілеуге байланысты полиция 24 маусымда ақшаны заңдастырды деген күдікпен қамауға алынған әйелді қайта сұрастырғаннан кейін кепілдікпен босатты.

Қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жалғасуда.