09:58, 13 Қазан 2012 | GMT +5
Лондонда Қырғызстанның бұрынғы президенті Қ. Бәкиевтің ұлы қамауға алынды
АСТАНА. 13 қазан. ҚазАқпарат - Ұлыбританияның құқық қорғау органдары 12 қазан күні Қырғызстанның бұрынғы президенті Құрманбек Бәкиевтің ұлы
- Максим Бәкиевті Ресей Федерациясынан алған несиені қайтармағаны үшін қамауға алды, деп хабарлады Утро. ру. Саясаткердің ұлы өзінің отаны мен америкалық тараптан түскен - екі өтінім бойынша тұтқындалды.
«Қырғызстан мен Ұлыбритания арасында экстрадиция жөнінде келісімнің жоқтығына байланысты, қазіргі уақытта британдық тарап М. Бәкиевті АҚШ-қа экстрадициялау мәселесін қарастыруда», - делінген Бішкек таратқан ресми мәлімдемеде. Атап өтілгендей, М. Бәкиев айыпталып отырған қылмыстар үшін АҚШ заңнамасына сәйкес ұзақ уақытқа бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.