Лондонда Махатма Гандиге арналған ескерткіш ашылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сенбі күні Лондон қаласында ел парламентінің алдындағы алаңда қазіргі Үндістанды Британия колониясынан шығарған, идеолог, зорлық-зомбылыққа қарсы ойларымен әлемге әйгілі философ Махтма Гандиге арналған ескерткіш салтанатты түрде ашылды, деп хабарлады ТАСС.
Ескерткіштің ашылуына Британия премьер-министрі Дэвид Кэмерон, Үндістанның қаржы министрі Арун Джейтли, ұлт көсемінің немересі Шри Гопалкришна Ганди қатысты. Биіктігі 3 метрлік ескерткішті британиялық мүсінші Филипп Джексон қашаған.