13:40, 07 Желтоқсан 2012 | GMT +5
Лондонда Максим Бәкиевтің ісі бойынша сот тыңдауы басталды
АСТАНА. 7 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қырғызстан экс-президентінің ұлы Максим Бәкиевті Ұлыбританиядан АҚШ-қа экстрадициялау туралы іс бойынша соттың бірінші тыңдауы бүгін лондондық Вестминстер ауданының магистраттық сотында өтеді, деп хабарлады Ресей жаңалықтар агенттігі.

Қырғызстан экс-президентінің ұлы қазан айында АҚШ-тың тапсырысы бойынша Лондонда тұтқындалды. Онда ол 2010 жылы болған мемлекеттік төңкерістен кейін бой тасалап жүрген болатын. АҚШ Әділет департаменті оны құнды қағаздармен алаяқтық жасау мақсатында сөз байласты және әділдіктің орнауына кедергі жасады деп айыптауда.
Қамауға алынғаннан кейін Бәкиев 250 мың фунт стерлингке кепілге босатылды және оған қатаң талаптар қойылды - полицияға үнемі есеп беріп отыруы тиіс, ел аумағынан шықпауы және нақты бір мекенжай бойынша тұруы қажет.