Лондонда олимпиадалық стадион ашылды
АСТАНА. 6 мамыр. ҚазАқпарат - Кеше кешқұрым Лондонда ресми түрде олимпиадалық стадионның ашылуы рәсімі өтті. BBC News-тің хабарлауынша, бұл салтанатты шараға 40 мың адам қатысты.
Ашылу рәсімінің алдында аспанға шарлар ұшырылып, лазерлік шоу ұйымдастырылды.
Таратылған мәліметтерге қарағанда, бірнеше күннен кейін стадионда мектеп балаларының спорттық жарыстары өтеді деп жоспарланып отыр. Оған 1 600 балалар мен жасөспірімдер қатыспақ.
Айта кетейік, 2012 жылғы жазғы Олимпиада ойындары 27 шілдеде ашылады.