Лондонда Орталық Азия жастарының саммиті өтті
AСТАНА. KAZINFORM - Лондондағы King‘s College университетінде Орталық Азия жастарының I саммиті өтті, деп хабарлайды ӨзА.

Шараға 250-ден астам қатысушылар, 5 елдің елшіліктерінің өкілдері, сондай-ақ жас көшбасшылар мен тәжірибелі мамандар жиналды.
Саммит жас белсенділерге Орталық Азия елдері арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту үшін тәжірибе алмасуға, аймақтың болашағы туралы ғылыми және мәдени пікірталас өткізуге, білім, саясат және спорт салаларында пікір алмасуға мүмкіндік берді.
Саммит аясында Орталық Азия елдерінің елшілерімен ашық диалог ұйымдастырылды.
Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды. Олар аймақтағы саяси ахуал жөнінде пікір алмасты. Бір сөзбен айтқанда, жастар білімдерін шыңдап, аймақтық мәселелерді шешуде жаңа тәжірибелік дағдыларға ие болды.
Еске сала кетейік, алғаш рет қазақстандық Лондонның Құрметті музыканттар қауымдастығының Күміс медалін иеленді.