Лондонда өтіп жатқан форумда ҚР Білім және ғылым министрі баяндама жасайды

Оған еліміздің Білім және ғылым министрі де қатысуда. Бұл ақпаратты ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі таратып отыр.
Ведомствоның хабарлауынша, арнайы шақырылған еліміздің Білім және ғылым министрі алқалы жиын барысында баяндама жасамақ.
Форумның негізгі мақсаты - білім және жоғары технология саласындағы көшбасшылардың басын қосу, өзара тиімді және соны идеялар мен бағалы тәжірибелермен алмасу. Онда қаралатын тақырыптардың бірі - білім берудегі мәселелерді қайта қарау. Бұл өз кезегінде өмірдің барлық саласында аймақтық және әлемдік көшбасшылыққа ұмтылып отырған ұлттық экономиканың қарқынды дамуы жағдайында маңызға ие. Қазіргі заманның осы және басқа да өзекті мәселелері жоғары технологияны дамыту келешегі шеңберінде қарастырылады.