Лондонда өткен Головкиннің ашық жаттығуына көрермендер көп жиналды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкин мен оның қарсыласы - британдық Келл Брук Лондон көшесінде ашық жаттығу өткізді.
Әлеуметтік желілерде олардың жаттығуын тамашалауға жиналған топ-топ адамдар түсірілген бейнероликтер жарияланды.
Еске сала кетейік, 10 қазан күні WBA (Super), IBO, WBC және IBF нұсқасы бойынша орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкин (35-0, 32 КО) жартылай орта салмақтағы IBF чемпионы Келл Брукпен (36-0, 25 КО) жұдырықтасады. Жекпе-жек Лондондағы 20 мың көрермен сыятын O2 аренасында өтеді. Қазақстандық жанкүйерлер кездесуді «Қазақстан» және «Қазспорт» арналарынан тікелей эфирде тамашалай алады. Трансляцияның басталуы Астана уақытымен 00:00-де басталады.