Лондонда парламент шатырының үстімен жүрген адам ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондон полициясы түнде Ұлыбритания парламентінің шатырының үстінде жүрген 23 жастағы ер адамды ұстады.

Лондонда  парламент шатырының үстімен жүрген адам ұсталды

Оған бұзақылық пен күзетілген аумаққа кірді деген айып тағылуы мүмкін.

Парламент шатырының үстімен жүрген адамды жол-жөнекей өткендер байқаған. Олар бірден полицияны шақырған. Алайда қаскөй сегіз сағаттан кейін ғана қолға түсті.

Ол ешқандай талап қоймаған, наразылық білдірмеген. Мұндай әрекетке неліктен барғандығы және ол жерге қалай барғаны әзірге белгісіз.