Лондонда Пикассоның «селфиі» көрмеге қойылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Пабло Пикассоның бұрын-соңды жұрт назарына ұсынылмаған туындысы көрмеге қойылды, деп жазады 24.kz.
Қылқалам шеберінің қолынан шыққан сурет - өзінің автопортреті. Пикассо оны 1901 жылы салған. Бірақ сурет салынғаннан кейін ұшты-күйлі жоғалып кеткен. Кейін 12 жылдан соң басқа бір суреттің артқы жағына қыстырылған күйі табылған. Лондонда өтіп жатқан «Селф» атты шараға орай қойылған туындыда 21 жастағы Пикассоның өзі бейнеленген.