04:37, 26 Қыркүйек 2017 | GMT +5
Лондонда полиция КХДР елшілігін қоршауға алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондон полициясы ғимараттың маңындағы күдік келтірген затқа байланысты КХДР елшілігін қоршауға алды, деп хабарлайды Daily Express.
Полицияға ғимараттың жанында жарылыс құрылғыға ұқсайтын күдікті заттың жатқандығы туралы жергілікту уақыт бойынша 19:52-де қоңырау шалынған.
Оқиға орнына сапёрлер мен жеңіл жәрдем көлігі келді. Елшілік ғимараты мен оған таяу жатқан жолдар шұғыл қоршауға алынды.
Қалалық полиция оқиға орнында сақтық үшін күдікті заттың жарып жіберілгендігін растады.