Лондонда Сулаж бен Киппенбергердің туындылары сатылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондондағы Sotheby's бәссауда үйінің заманауи және соғыстан кейінгі өнер туындыларының кешкі сауда-саттығының бас лотында Мартин Киппенбергердің «Атауы жоқ» портреті 2,3 миллион фунт стерлингке сатылды.
Тап қазіргі сәттегі ең қымбатқа өткен Пьер Сулаждың "1958 жылғы 30 қазан 125х202 см картинасы" болып отыр. Оны аукцион үйі суретшінің ең үздік туындыларының біріне бағалады. Картина 2,66 миллион фунт стерлингке сатылды.
Ал Жан-Мишель Баскияның «Атауы жоқ» шығармасы 2,3 миллионға саудаланды.