Лондонда тонауға қатысқан миллионердің қызы Лара Джонсон сотталды

АСТАНА. 28 мамыр. ҚазАқпарат - Лондон соты миллионердің 20 жастағы қызы Лора Джонсонды  екі жылға бас бостандығынан айырды.

Лондонда тонауға қатысқан миллионердің қызы Лара Джонсон сотталды

Ол өткен жылдың тамызында Лондондағы тәртіпсіздіктер барысында тонауға қатысқаны үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды РБК жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.

Бойжеткен Гринвичте, тұрмыстық техникалар сататын дүкеннің қасында ұсталды. Оның көлігінен жалпы сомасы бес мың фунтты құрайтын тауарлар мен тұрмыстық техникалар табылды.

Қыздың адвокаты оның бұл әрекетін психологиялық проблемалармен байланысты екендігін айтып түсіндіруге тырысып бақты. Алайда, оның бұл әрекеті еш нәтиже берген жоқ. Лора нашар топтың ортасына түскенге дейін үздік оқып, өзінің құрбыларына үлгі болған көрінеді.