Лондонда трамвай аударылды - қаза тапқандар бар

АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондонда трамвай аударылды. Апат бүгін, 9 қарашада Кройдон ауданындағы "Сэндилэндс" аялдамасында орын алды. Трамвай ішінде болған елуден астам жолаушы ауруханаға жатқызылды. Қаза тапқандар бар.

Лондонда трамвай аударылды - қаза тапқандар бар

Трамвай  рельстен шыққан сәтте аударылып кеткен, деп хабарлайды ТАСС.  Бес адам вагонда қалып қойған.  Оқиға орнында 70 құтқарушы жұмыс істеуде. Олар   орындықтар қысып қалған үш жолаушыны шығара алды. Қалған екі зардап шегушіні құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

Алдын ала мәліметтерге қарағанда, трамвай түні бойы жауған  нөсер  салдарынан аударылған.