Лондонда Ван Гогтың екі картинасынан тұратын шағын көрме ашылды

АСТАНА. 26 қаңтар. ҚазАқпарат - Британиядағы импрессионистердің шығармаларын сүйіп тамашалаушылар голландиялық суретші Винсент Ван Гогтың атақты «Күнбағыс» шығармасының екі авторлық нұсқасын бірден қатарынан көру бақытына ие болды. Екі картинадан тұратын шағын көрме Лондон Ұлттық галереясында ашылды.

Лондонда Ван Гогтың екі картинасынан тұратын шағын көрме ашылды

«Біз екі туындыны қатарынан көре аламыз, бұл ерекше атмосфера тудырады», - дейді британдық өнертанушы Мартин Бейли. Картиналардың бірі Ұлттық галерея коллекциясына кіреді, ал екінші өнер туындысы Ван Гогтың Амстердамдағы танымал мұражайынан әкелінген, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.

Екінші сурет бірінші суреттен соң шамамен бір жылдан кейін салынған. Амстердамнан әкелінген сурет 1889 жылы, ал, оның лондондық нұсқасы суретшінің қаламынан сәл кейінірек туған. Өнертанушылардың сөздеріне қарағанда, Ван Гогтың шығармашылық қабілетінің шарықтау кезеңі нақ осы жылдарға сәйкес келеді. Көрме 27 сәуірге дейін жалғасады.

Жалпы, аталмыш суреттерді қоса алғанда, әлемде әйгілі қылқалам шеберінің «Күнбағыс» атты бес туындысы бар.