Лондонда велосипедті жалға беру қызметі жұмыс істей бастады
АСТАНА. Шілденің 31-і. ҚазАқпарат - Кешеден бастап Лондон велосипедтерді жалға берудің жалпықалалық жүйесі іске қосылған мегаполистердің қатарына қосылды, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС. Британ елордасының мэрі және көліктің осы түрінің жанкүйері Борис Джонсон кеше бірінші болып жалға велосипед алып, жұмысына - қалалақ мэрияға аттанды.
Жалға берілетін велосипед паркінде бүгінде 6 мың «шайтан арба» бар. Жақын арада олардың саны екі есеге артып, сұраныс өскен сайын, парк те өсе бермек.
Велосипедті тәулігіне 41 фунт стерлингке (1,5 АҚШ доллары) жалдауға болады. Лондон метросында жүру билеті 5 фунт стерлинг тұратынын ескерсек, велосипед жалдау әлдеқайда арзанға түседі.
Велосипедті жалға берудің заманауи жалпықалалық жүйесі алғаш рет 2003 жылы Венада енгізілген болатын. Содан бері австриялық тәжірибені көптеген еуропалық мегаполистер игеріп отыр.