Лондонда жаңа жылдық шеру өтті
1 қаңтарда Лондонның орталығында Жаңа жыл иерекесіне арналған шеру өтті, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.
Айтулы мерекелік кешке әншілер, би топтары, акробаттар мен музыканттардан жасақталған 8 мыңнан астам адам қатысты.
500 мыңнан асатын көрермен 3,2 шақырымдық трассада сап түзеген. Шеру тікелей эфирде көрсетілді.
Лондондағы Жаңа жылдық шеру 1987 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Британ астанасының көшелерінде Ковид-19 пандемиясына байланысты тек 2021 жылы осындай шеру өткен жоқ.