Лондонда жарылмаған жарты тонналық бомба табылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондондағы Тауэр көпірінің маңындағы үйлердің тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді, бұл арадан Екінші дүниежүзілік соғыс уақытындағы жарылмаған бомба табылды, деп хабарлады Би-би-си.
Ресми емес хабарламаларға қарағанда, бомбаның салмағы - мың фунтқа жуық (шамамен 450 келі).
Қауіпсіздік қызметінің қызметкері проблема «бүгін шешілуі екіталай» дегенді айтты.