Лондонда жас жігіт ғашығына басылым арқылы сезімін жеткізу үшін «Times» газетінің редакциясын көмекке шақырған
АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондонда заңгер жігіт өз ғашығына күнделікті «Times» газетінде жарық көрген кроссворд шешімі арқылы ұсыныс жасады, деп жазады «Росбалт».
Мэттью Дик газет редакциясын кроссвордқа «Will you marry me?» («Маған тұрмысқа шығасың ба?») жауабы берілетін сұрақты енгізуге көндірген, сосын тиісті сұрақтың астын сызып, кроссвордты ғашығы Делит Хьюзге шешуге берген. Бойжеткен кроссвордты шешкен кезде ол неке жүзігін ұсыныпты. Делит ұсынысқа қуана-қуана келіскені хабарланады.