Лондонда жоғалып кеткен солтүстіккореялық дипломат Оңтүстік Кореяға қашып кеткен
АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондон елшілігінде жоғалып кеткен жоғары лауазымды солтүстіккореялық дипломат Оңтүстік Кореяға қашып кеткен, мұны Сеул шенеуніктері растады, деп хабарлады Би-би-си.
Тхэ Ён Хо және оның отбасы үкіметтің қорғауында, деді оңтүстіккореялық шенеунік.
Тхэ елшінің орынбасары болған; болжам бойынша, ол туған елінен қашуға бел буған ең жоғары лауазымды солтүстіккореялық шенеунік.
Оның Лондондағы негізгі қызметі солтүстіккореялық билік саясаты туралы оң көзқарас тудыру еді.
Тхэ жақын арада әйелі және балаларымен бірге Пхеньянға оралуы тиіс еді.