Лондондағы тарихи ғимараттан шыққан өртті сөндіруге 100 адам жұмылдырылды

АСТАНА. KAZINFORM – Лондон орталығындағы өртті 100 адам сөндіріп жатыр, деп хабарлайды ресейлік ТАСС.

ДһЛондондағы өрт
Фото: ТАСС

Қаланың өрт сөндіру қызметінің X әлеуметтік желісі арқылы хабарлағанындай, өрт Стрэнд көшесінде орналасқан Сомерсет-хаус сарайының шатырынан шыққан.

Sky News телеарнасының хабарлауынша, Сомерсет-хаус сарайында брейк-дансе фестивалі өтуі керек болатын.