Лондондағы әлем біріншілігіне қанша спортшы қатысады

Халықаралық жеңіл атлетика федерациялары қауымдастығының (IAAF) мәліметіне сүйенсек, әлемдік додаға 205 елден 2034 спортшы қатысады.
Айта кетейік, соңғы рет 2015 жылы Қытай астанасы Бейжіңде өткен чемпионатқа 207 елден 1936 атлет қатысқан. IAAF ресми түрде спортшылардың толық хаттамасын 3 тамыз күні жарияламақ.
Еске салсақ, аталған әлемдік додада Қазақстан намысын 13 спортшы қорғайды. Олар - Ольга Рыпакова, Мария Овчинникова (екеуі де - үш қарғып секіру), Виктория Зябкина (200 метр және 4х100 метрге эстафеталық жүгіру), Полина Репина, Георгий Шейко, Регина Рыкова, Диана Айдосова ( бәрі де - 20 шақырымға спорттық жүріс)Елена Наназиашвили (марафон), Ольга Сафронова, Юлия Рахманова, Рима Кашафутдинова, Светлана Голендова, Анастасия Тулапина (бәрі де - 4х100 эстафеталық жүгіру).