Лондондағы бәссаудада Моненің картинасы рекордты сомаға сатылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Sotheby's бәссауда үйі Лондондағы саудада импрессионизмнің француздық негізін қалаушы Клод Моненің «Судағы лалагүлдер» еңбегін 31,7 млн. фунт стерлингке сатты.

Лондондағы бәссаудада Моненің картинасы рекордты сомаға сатылды

Сонымен бұл екінші рекорд болып тұр. 2008 жылы оның «Судағы лалагүлдер тоғаны» туындысы 47 млн фунтқа сатылды. «Судағы лалагүлдер» картинасы 1906 жылы салынған. Ол «Лалагүлдер» сериясындағы 250-ге жуық жұмыстың біреуі болып табылады. Моне оларды салуға өмірінің соңғы отыз жылын арнаған.