Лондондағы мұнай бағалары бір баррель үшін 125 доллардан асты
АСТАНА. 17 наурыз. ҚазАқпарат -Жұма күні Нью-Йоркте де, Лондонда да мұнайдың әлемдік бағалары күрт жоғарылады, деп хабарлайды РБК.
Ұлыбританияның астанасында баррель бағасы 125 доллардан асты.
Солтүстіктеңіздік Brent-тің бір баррелінің бағасы 3 доллар 21 центке артып, 125 доллар 81 центті құрады.
Нью-Йорктағы NYMEX-те техастық Light Sweet-тің бағасы 1 доллар 95 центке қымбаттап, 107,06 долларды құрады.
Дегенмен, американдық сарапшылардың санауынша, аталған тренд биржаларда көп үстемдік құра алмайды. Мұнай бағасының өсуі бензин бағасының өсуіне әкеледі. Өз кезегінде бұл американдықтардың сатып алушылық қабілеттеріне әсер етіп, сатудың төмендеуіне, содан кейін қор алаңдарындағы өзгерістерге әкеліп соқтырады.