Лондондағы оқуларынан Астанаға оралған үш баладан А/Н1N1 тұмауының вирусы табылып отыр

АСТАНА. Шілденің  23-і. ҚазАқпарат /Серік Сабеков/  - Лондондағы  оқуларынан кейін Астанаға  оралған   балалардан  алынған   зертханалық талдаулар үш оқиға  бойынша А/Н1N1   вирусын     қуаттады.

Лондондағы оқуларынан  Астанаға оралған    үш баладан А/Н1N1    тұмауының  вирусы  табылып отыр

Бұл туралы Агенттікке     Астана қаласы  бойынша  Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау  департаментінің  директоры Жандарбек Бекшин   хабарлады.

«Вирустың ықтималдығы  туралы   барлығы  алты оқиға анықталды,  олардың  үшеуі  бойынша факті  расталды.     Қазіргі кезде екі  оқушы -  жағдайлары орташа  ауыр   - инфекциялық  ауруханаға жатқызылды,  жағдайы   жеңіл  төртеуі -     амбулаториялық  ем     қабылдауда»,  деді Ж.Бекшин.

Естеріңізге сала кетейік,  тіл бағдарламасы  бойынша  Лондонда  оқып  қайтқан    оқушылар  тобының  біразы,   Астанаға оралғаннан кейін жағдайлары  нашарлап,    ауруханаға түскен  болатын.  Жүргізілген талдау  шаралары      кәдімгі «А» вирусын  анықтаған.    Әрі  қарай  тексеру  үшін талдаулар    республикалық  санитарлық-эпидемиологиялық стансаның арнаулы  зертханасына   жіберілген болатын.