Лондондағы сауда биржасында мұнай бағасы 80,99 доллар/баррельге дейін көтерілді
АСТАНА. Тамыздың 10-ы. ҚазАқпарат - Тамыздың 9-ындағы сауданың қорытындысы бойынша Лондон биржасында мұнайдың ресми бағасы көтерілді, деп хабарлайды РБК агенттігі.
Атап айтқанда, Brent мұнайының бағасы 0,83 долларға қымбаттап, 90,99 доллар/баррельге жетті.