Лондондағы шіркеу жанында тұрғындарға оқ атты деп күдік келтірілген адам қамауға алынды

None
ЛОНДОН. ҚазАқпарат - Сенбі күні Лондонның орталығында атыс болып, екі бала мен төрт әйел жарақат алды. Соның ішінде жеті жасар қыз баланың жағдайы әлі ауыр. Күдікті жексенбі күні кешке қамауға алынды. Бұл туралы ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Полиция халықты тергеу жұмыстарына көмектесуге шақырды.

«Оқиғаға куә болған немесе ол туралы бірдеңе білетін барлық адамнан ақпарат алғымыз келеді. Біз үшін кез келген мәлімет құнды», - деді Лондон полициясының офицері Джек Роулэндс.

Полицияның мәліметінше, оқ атқан адам Юстон ауданындағы католик шіркеуінің жанынан өтіп бара жатқан көліктен оқ жаудырған. Бұл кезде 300-ден астам адам қатысқан еске алу кеші енді ғана аяқталған еді.

  • Фото:
  • RFStock






Соңғы жаңалықтар