Лондондағы XIV Паралимпиада ойындары мәресіне жетті
АСТАНА. 10 қыркүйек. ҚазАқпарат - Лондонда XIV Паралимпиада ойындарының жабылау салтанаты 80 мың көрерменге арналғанОлимпиада стадионындағы көз сүйіндірер отшашулармен аяқталды.
Салтанатты шара аясында Rihanna және Coldplay тәрізді әншілер өнер көрсетіп, Паралимпиада жалауы 2016 жылы ойын өтетін бразилиялық Рио-де-Жанейро қаласына табысталды, деп хабарлады Ресейдің жаңалықтар қызметі. Сондай-ақ салтанат барысында Халықаралық паралимпиадалық комитеттің президенті, сэр Филипп Крэйвен мен LOCOG Лондон Олимпиадасының және Паралимпиаданың ұйымдастыру комитеті басшысы Себастьян Коу сөз сөйледі. Ал Лондонның XIV Паралимпиада ойындарының алауын сөндіру құрметі британдық жеңімпаздар Элли Симмондс пен Джонни Пикоктың еншісіне тиді.