Лондондық «Арсеналдың» иесі клубты сатудан бас тартты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық бизнесмен Стэн Кронке Алишер Усмановтың лондондық «Арсенал» футбол клубы акцияларының бақылау пакетін сату жөніндегі ұсынысынан бас тартты.
Mirror басылымының мәліметіне сүйенсек, Кронке клубтағы өзіне тиесілі 67,05% акциясын сатуға ниетті емес.
Сондай-ақ, ұсыныс құны арттырылған жағдайда да келісім жасалмайтындығы айтылып отыр.
Бұған дейін ресейлік бизнесмен Алишер Усмановтың Кронкеге «Арсеналдағы» акциясын 1,3 млрд еуроға сату жөнінде ұсыныс жасағандығы хабарланған болатын.