Лондонға ұшқан Air Astana рейсі Франкфуртта қалды: жолаушыларға не болады
АСТАНА. KAZINFORM — Алматы – Лондон бағыты бойынша KC663 рейсін орындап жатқан Airbus A321 әуе кемесінің Франкфурт әуежайына қауіпсіз түрде қонғанын хабарлайды. Бұл туралы Air Astana компаниясы хабарлады.
Әуе кемесінің бортында 138 жолаушы болды. Өкінішке қарай, Лондон Хитроу әуежайы түннің соңына дейін жабық күйінде қалады, осыған байланысты Air Astana әрі қарайғы ұшуды тоқтатуға мәжбүр.
— KC663 рейсінің ұшуы келесі күннің таңына сағат 09:25-ке (UTC) шегерілді. Барлық жолаушылардың ішінде 67 адамның жарамды Шенген визасы жоқ, сондықтан олар Франкфурт әуежайының транзиттік аймағында қалуға міндетті, — делінген хабарламада.
Компанияның дерегінше, барлық жолаушыларға күту уақытында тамақ пен салқын сусындармен қамтамасыз етілуі үшін әуежайда тамақтануға арналған ваучерлер берілген. Әуекомпанияның жерүсті қызметтері мен өкілдері қалаға шығуға құқығы бар жолаушыларды қонақүймен қамтамасыз ету, сондай-ақ күтпеген кідіріс жағдайында қажетті тамақпен, сусындармен және қолдау көрсету үшін тәулік бойы жұмыс істеп тұр.
Air Astana жолаушылар мен экипаждың қауіпсіздігі мен жайлылығы әрқашан басты басымдық болып қала беретінін атап өтті.
Еске сала керейік, Air Astana әуе компаниясы Дубай бағыты бойынша рейстерді уақытша тоқтату туралы шешім қабылдады.