Лондонның «Арсеналы» Англияның суперкубогын жеңіп алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондонның «Арсеналы» «Манчестер Ситидің» тас-талқанын шығарып, Англияның суперкубогын жеңіп алды, деп жазады Lenta.ru.

Лондонның «Арсеналы» Англияның суперкубогын жеңіп алды

Уэмблиде өткен тартысты кездесу 3:0 есебімен Арсен Венгердің командасының пайдасына шешілді.

Қарсыластарының қақпасына Санти Касорла, Аарон Рэмзи, Оливье Жиру бір-бір голдан тоғытты. «Ситиліктер» оған жауап қата алған жоқ.

Бұл «Арсенадың» Англияның суперкубогы додасында қанжығаға басқан 13-ші жүлдесі. Соңғы рет осы жүлдені олар осыдан 10 жыл бұрын жеңіп алған болатын.