Лондонның Хитроу әуежайында жүргізушісіз таксилер пайда болады

АСТАНА.  Тамыздың  13-і.  ҚазАқпарат -   Лондонның Хитроу әуежайында  автотұрақтан    терминалға   5 минутта   тез  жеткісі келетіндер келесі  жылдан  бастап жүргізушіні  қажет етпейтін жаңа таксиді    пайдалана алатын болады,

Лондонның Хитроу әуежайында  жүргізушісіз   таксилер  пайда болады

 деп   жазады британдық  бұқаралық  ақпарат  құралдары.

 «Дербес  жедел көлік»  жүйесі (Personal Rapid Transport, PRT)  саяхатшыларды  4 шақырымдық     трассамен      сағатына 40 шақырым жылдамдықпен   тасымалдайтын   20 шақты электромобильді  қамтитын болады.   Бұл жаңа көлікпен       адам тасымалдаудың  жылдық көрсеткіші 500 мың  адамға жетуі  мүмкін.  25 миллион фунт  стерлингке (41 миллион доллар) түскен     жаңа  жүйе автокөліктері   компьютерлік  және лазерлік навигация  негізінде  жұмыс істейді  және     жүктерімен  қоса   4 жолаушыны сыйдырады

Жобаны Advanced Transport Systems Ltd   компаниясы мен  Бристоль  университеті  жүзеге асырып  отыр.   Жүргізушісіз көлікті  жолаушылар  сенсорлық  экраның көмегімен    басқаратын болады,  олар   баратын жерін   экранда  көрсетсе  болғаны.