Лондонның Корольдік музыка академиясын бітірген алғашқы қазақстандық скрипкашы А.Оразбаева Алматыда жеке концертін береді

АСТАНА. 12 қыркүйек. ҚазАқпарат - Лондонның Корольдік музыка академиясын бітірген алғашқы қазақстандық скрипкашы - Айша Оразбаева Алматы қаласында концерт береді.

Лондонның Корольдік музыка академиясын бітірген алғашқы қазақстандық скрипкашы А.Оразбаева Алматыда жеке концертін береді

Жас скрипкашының Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған жеке концерті Ж.Жабаев атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында өтеді. ҚР мемлекеттік симфониялық оркестрдің сүймелдеуімен өтетін концерттің көркемдік жетекшісі және бас дирижері - Ваг Папян.

25 жастағы А.Оразбаева - Лондондағы Корольдік музыка академиясының алғашқы қазақстандық түлегі. Президенттік «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты және де Италиядағы UNESCO-ның қамқорлығындағы халықаралық "Trio di Trieste" стипендиясының иегері. 2008 жылы Корольдік Академияны жоғары нәтижемен тәмәмдап, 2010 жылы академияның магистрі дипломын алды.

Қазақстандық скрипкашы Академияда Лидия Мордкович, Ремус Азоитея және Клио Гулд сияқты профессорлардан дәріс алған. Ол Еуропа, Орта Азия және де Гонконг елдері сахнасында жиі өнер көрсетеді. Йоханнес Мариа Штауд, Пьер Булез, Сэр Харрисон Бёртвисл және Питер Зиновьев сынды әлемге әйгілі композиторлармен жұмыс жасайды. Жақында олармен бірлесіп, скрипка мен электроникаға арналған "OUR" концертін жазды. Және бұл талант иесі жетістіктерінің толық тізімі емес. 2011 жылдың қарашасында Айша Ұлыбританияда жеке альбомын шығаруды жоспарлап отыр.