Lonely Planet: Моңғолия – саяхат үшін үздік елдің бірі

моңғолия
Фото: Pixabay

Lonely Planet — саяхат туралы ақпарат тарататын әлемдегі ең танымал туристік басылымдардың бірі. Жақында 50 жылдығы қарсаңында басылым Моңғолияны 2024 жылы саяхаттауға болатын үздік елдердің қатарына қосты. Kazinform бұл туралы МОНЦАМЭ агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Моңғолияға баруды жоспарлап жүрген туристер ерекше табиғат, ұлттық музыка, бууз сынды тағамдарға тамсанып, Наадам дәстүрлі мерекесіне қатысып, атпен серуендей алады.

Сонымен қатар, Орхон өзені аңғары табиғи кешені міндетті түрде көру керек орын ретінде ұсынылған.

Мәдениет министрлігінің хабарлауынша, Моңғолия үкіметі 2023-2025 жылдарды «Моңғолияға саяхаттау жылдары» деп жариялаған. 

Моңғолияны дамыту жұмыстарын кезең-кезеңімен орындау – әуе көлігін жеңілдету, цифрлық туризмге көшу, халықаралық туристік стандарттарды енгізу оң нәтиже көрсетіп жатыр. 

Соңғы жаңалықтар