22:25, 30 Тамыз 2017 | GMT +5
Лопес «Испания Вуэльтасының» 11 кезеңінде жеңімпаз атанды
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Испания Вуэльтасы» көпкүндігінің 11 кезеңі аяқталды, пелотон таулы аймақтардан өтті.

«Астана» командасының колумбиялық мүшесі Мигель Анхель Лопес осы кезеңнің жеңімпазы атанды. Екінші болып, британиялық «Sky» командасының мүшесі Крис Фрум келді. Үздік үштікті «Bahrain Merida» командасынан италиялық Винченцо Нибали тұйықтады.
«Испания Вуэльтасы». 11 кезең.
Лорка - Обсерватория Калар Альто. 187.5 километр
1. Мигель Анхель Лопес (Колумбия, «Астана») - 5:05:09
2. Крис Фрум (Ұлыбритания, «Sky») - +0:14
3. Винченцо Нибали (Италия, «Bahrain Merida»).