08:11, 03 Мамыр 2013 | GMT +5
Лория мен Сымақов - ең үздік ойыншылар
АСТАНА. 3 мамыр. ҚазАқпарат - Marka-Futbol интернет газетінің тұжырымы бойынша «Ризеспор» командасында ойнайтын қазақстандық Давид Лория мен Самат Сымақов Түркия чемпионаты бірінші лигасының ең үздік ойыншылары болып танылды.

Бұл туралы «Sports.kz» сайты мәлім етті.
Лория «лиганың ең үздік қақпашысы», ал Самат Сымақов «лиганың ең үздік орталық жартылай қорғаушысы» болып танылды. Енді олар алдағы маусымнан бастап Түркия суперлигасында ойнайтын болады.