07:42, 12 Мамыр 2015 | GMT +6
Лос-Анджелес әуежайында ұшақ шассисіз қонды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Лос-Анджелес қаласының халықаралық әуежайында SkyWest Airlines әуе компаниясының ұшағы апаттық жағдайда қонды, деп жазады жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасаған "Газета.Ru".
Ұшақ толық шығарылмаған шассимен қонды.
Жолаушылардың айтуынша, әуе кемесінің капитаны ұшақты фюзеляжға қондыру шешімін қабылдады. Ұшақтың қонбас бұрын әуежайдың ұшу-қону желісінің үстінен бірнеше рет айналуына тура келген.
Ұшақтың ішінде отырған 40 жолаушы мен экипаждың үш мүшесі зардап шеккен жоқ, деп жазады басылым.